Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына қатысатын құрамы ресми түрде жарияланды

olympic.kz
Қазақстанның бокс федерациясы Ливерпульде (Ұлыбритания) 4–14 қыркүйек аралығында өтетін World Boxing ұйымы аясындағы алғашқы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың толық тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ерлер құрамасы:
• 50 кг – Санжар Тәшкенбай
• 55 кг – Махмұд Сабырхан
• 60 кг – Бейбарыс Жексен
• 65 кг – Ертуған Зейнуллинов
• 70 кг – Төрехан Сабырхан
• 75 кг – Сабыржан Аққалықов
• 80 кг – Нұрбек Оралбай
• 85 кг – Бекзат Нұрдәулетов
• 90 кг – Сағындық Тоғамбай
• +90 кг – Айбек Оралбай
Әйелдер құрамасы:
• 48 кг – Назым Қызайбай
• 51 кг – Алуа Балқыбекова
• 54 кг – Элина Базарова
• 57 кг – Карина Ибрагимова
• 60 кг – Виктория Графеева
• 65 кг – Аида Әбікеева
• 70 кг – Наталья Богданова
• 75 кг – Надежда Рябец
• 80 кг – Гүлсая Ержан
• +80 кг – Елдана Тәліпова
Айта кетейік, World Boxing ұйымының тарихындағы алғашқы әлем чемпионаты Ливерпульде қыркүйектің алғашқы онкүндігінде өтеді. Қазақстандық боксшылар бұл додада толық құрамда бақ сынамақ.