«Канело» залында жаттығатын қазақстандық боксшы елінде жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді

«Канело» залында жаттығатын қазақстандық боксшы елінде жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді
Бокс

Vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (14-0, 12 КО) жанкүйерлерінің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альварестің спарринг-серіктесі саналатын қазақстандық боксшы әлеуметтік желіде жанкүйерлердің сұрақтарына жауап беріп, Қазақстанда жекпе-жек өткізу мүмкіндігі жайлы пікірін айтты.

– «Қазақстанда мені ешкім күтпейді», – деп қысқа қайырды Нұрмағанбет.

Айта кетейік, Нұрмағанбет соңғы жекпе-жегін 6 сәуір күні АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында өткізген. Ол бірінші раундта коста-рикалық Энкарнасьон Диасты (20-6, 11 КО) нокаутпен жеңген еді.

Қазіргі таңда қазақстандық боксшы «Канело» залында жаттығып жүр. Оның дайындығын мексикалық супержұлдыздың жеке бапкері қадағалайды.