Қазақ қызы семсерлесуден Азия чемпионатында жүлде еншіледі
Семсерлесу
София Актаева. Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Отандасымыз рапирамен семсерлесуден жартылай финалда бақ сынап, шешуші сынның жолдамасы сарапқа салынған кездесуде қытайлық Чжу Линьлиньмен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Қытай спортшысы 14:15 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, София Актаева сары құрлық бәсекесінің үздік үштігін түйіндеді.