Қазақ семсершілері Италиядағы әлем Кубогы кезеңіне қатысады

Қазақ семсершілері Италиядағы әлем Кубогы кезеңіне қатысады
Семсерлесу

Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Италияның Падуя қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл ірі халықаралық турнирде ел намысын бес спортшы қорғайды. Құрамға Артем Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Бексұлтан Әбжал, Жанат Нәбиев, Назарбай Саттархан енді. Әлем кубогы кезеңі 6-7 наурыз аралығында өтеді.