Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында екі медаль иеленді

Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында екі медаль иеленді
Семсерлесу

Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Қазіргі таңда Джакартада семсерлесуден кадеттер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Кадеттер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Айбар Қайым қылыштасудан үшінші орын алды. Сондай-ақ семсерлесуден қыздар арасындағы командалық жарыста Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды. Ел намысын Дарья Самоделкина, Сабина Серикова, Полина Лесовская және Арина Наместникова қорғады.