Қазақстанда алғаш рет Халықаралық биатлоншылар одағының курсы өтеді

Биатлон
Olympic.kz
Қазақстанда алғаш рет жас жаттықтырушыларға арналған Халықаралық биатлоншылар одағының курсы өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған іс-шара 7-12 шілде аралығында Щучинсктегі Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының базасында болады.
Курсқа 20-ға жуық қазақстандық жас жаттықтырушылар, сондай-ақ Грузия мен Қырғызстаннан келген мамандар қатысады. Германия, Австрия және Норвегиядан келген үздік лекторлар өз білімдерімен бөлісіп, құнды тәжірибелерімен алмасады.
Айта кетейік, әлемдік федерация ұйымдастыратын курс Қазақстанда тұңғыш рет өтеді.