Данилина Германиядағы жарыстың жартылай финалына шықты

Данилина Германиядағы жарыстың жартылай финалына шықты
Теннис

КазТАГ

Анна Данилина Бад-Хомбург (Германия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Отандасымыз қытайлық Сюй Ифаньмен бірге ширек финалда ұлыбританиялық Оливия Николлс және франциялық Диан Парри жұбынан басым түсті. 1 сағат 41 минутқа созылған кездесуде 7:6 (7:4), 7:5 есебі тіркелді.

Қазақстандық теннисші Анна Данилина мен қытайлық спортшы Сюй Ифань финалға шығу үшін тайбэйлік Хао-Чин Чань және ресейлік Вероника Кудерметова дуэтімен шеберлік байқасады.