Александр Шевченко Уимблдон турнирінде Уго Умберден жеңіліп қалды

Александр Шевченко Уимблдон турнирінде Уго Умберден жеңіліп қалды
Теннис

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Уимблдон турнирінде жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Отандасымыз аталған жарыстың алғашқы айналымында франциялық Уго Умбермен шеберлік байқасқан. 3 сағат 18 минутқа созылған тартысты кездесуде Александр қарсыласынан 1:6, 6:4, 6:7, 7:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.