EURO-2024: Португалия құрамасы Словенияны жарыс жолынан шығарды

EURO-2024: Португалия құрамасы Словенияны жарыс жолынан шығарды
Футбол

Спорт-Экспресс

Португалия құрамасы Словенияны пенальтилер сериясында жеңіп, 1/4 финалға шықты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Криштиану Роналду бастаған құрама Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Словенияны негізгі уақытта жеңе алмады. Қос құрама овертаймда да тең түсті. Қосымша уақытта Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду 105-минутта пенальтиден мүлт кетті. Ал, пенальтилер сериясында Мартинес жаттықтыратын құраманың асығы алшысынан түсті. Португалия қақпашысы Кошта үш соққыны да тойтарып, ерлік жасады.

Келесі кезеңге өткен Португалия ширек финалда Франциямен кездеседі. Матч 5 шілдеде Гамбургте өтеді және Астана уақытымен 00:00-де басталады.