ЕURO-2024: Бельгияны жеңген Франция құрамасы ширек финалға шықты

ЕURO-2024: Бельгияны жеңген Франция құрамасы ширек финалға шықты
Футбол

Prosports.kz

Франция құрамасы Бельгияны минималды есеппен жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ойын Дешам жаттықтыратын құраманың басымдылығымен өтті. Алайда Бельгия да қарымта шабуылға шығып, қарсылас қақпасына қауіп төндірумен болды. Бірақ 85-минутқа дейін есеп ашылмады. Ұрымтал сәтте қақпаға соққы бағыттаған Коло-Муанидің добы Ян Вертонгенге тиіп, торда тулады. Осылайша, Франция құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды.