Шымкентте семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды

Шымкентте семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды
Семсерлесу

Olympic.kz

Шымкентте семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында ел біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, шпагамен семсерлесуден ерлер арасында Александр Федотов жеңіс тұғырынан көрінді. Қыздар арасында алматылық Мария Лесовская топ жарды.

Ерлер арасындағы командалық сында Шығыс Қазақстан облысы көш бастады. Әйелдер арасында командалық жарыс Алматы командасының жеңісімен аяқталды.

Айта кетелік, бұған дейін кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жеткен болатын.