"Қоңқабаев Жалоловтың тас-талқанын шығарады": белгілі боксшы күтпеген мәлімдеме жасады

Бокс

Аса ауыр салмақтағы кәсіби боксшы Нұрсұлтан Аманжолов отандасы Қамшыбек Қоңқабаевтың Олимпиадада жеңіске жететінін болжады. Бұл туралы Sportplusetv.kz сайтына сілтеме жасаған Bassport.kz хабарлайды. 

"Негізі, Қамшыбектің Олимпиадада алтын алуға мүмкіндігі жоғары. Әуесқой бокста бақ сынады, кейіннен кәсібиге ауысты. Олимпиадада бар білетінін қолданса, Жалоловтың тас-талқанын шығарады", - дейді Аманжолов. 

Айта кетелік, Қамшыбек Қоңқабаев өзбекстандық Бахадүр Жалоловтан бес рет жеңілген.

Соңғы рет қос спортшы Азия ойындарында кездесіп, Қоңқабаев кезекті рет есе жіберді.