Қазақстанның екінші ракеткасы әлемдік рейтингіде 34-орынға көтерілді

Қазақстанның екінші ракеткасы әлемдік рейтингіде 34-орынға көтерілді
Теннис

Zakon.kz

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Алғашқы үштік өзгеріссіз қалды. Польша теннисшісі Швентек көш бастасында келеді. Ал, америкалық Гауфф екінші орынға жайғасса, Белорусь өкілі Соболенко үздік үштікті түйіндеп тұр.

Еліміздің нөмірі бірінші теннисшісі Елена Рыбакина 4-орыннын сақтап қалды. Тағы бір отандасымыз, Бирмингемдегі турнирде жеңімпаз атанған Путинцева 41-орыннан 34-орынға көтерілді.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 53-сатыда тұр.