Жасөсіпірімдер арасында бокстан турнир өтті

Жасөсіпірімдер арасында бокстан турнир өтті
Бокс

2024 жылдың 14 маусым күні «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» ЖҚ және ШҚО Полиция Департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесіп, Өскемен қаласының жасөспірімдері арасында «Мен есірткісіз болашақ үшін» қалалық бокстан турнир өткізді.

Дене пішіні, өзін-өзі қорғау дағдылары, тәртіп және өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу, өзіне деген сенімділік, шоғырлануды жақсарту, төзімділікті дамыту, психологиялық денсаулық пен жағымды эмоцияларды жақсарту. Бұл бокстың жасөспірімдерге беретін орасан зор пайдасы.

Бұрынғы КСРО мемлекеттерінде бокстың әуесқой түрі кеңес өкіметіметімен бірге дамыған. Ал 1920 жылы осындай бірнеше үйірме қосылып, әскери медициналық академия қабырғаларында бокс бөлек дене шынықтыру бөлімі ретінде қалыптасқан. Бокс бөлек дене шынықтыру пәні ретінде оқу бағдарламасына енген. Осылайша, боксшылардың қатары ұлғайып, талас-тартыстар мен жарыстардың саны күн санап өскен. Қазақ жерінде бокстың дамуы өз бастауын өткен ғасырдың 30 жылдарында алған. Бұл шайқас өнерінің даму орталығы ретінде Алматы қаласы танылды.

Ұзақ уақыт бойы қазақ боксшылары КСРО біріншіліктерінде үздік нәтиже көрсете алмай, күміс пен қола алқаларын қанағат тұтқан болатын. Көп күткен алтын қазақ жеріне де бұйырды. 1959 жылы алматылық Анатолий Кадетов (81 кг дейін) КСРО чемпионы атанып, жеңіс тұғырына көтерілген. 1992 жылға дейінгі КСРО мен ТМД чемпионаттарында Қазақстанның боксшылары 167 медаль еншілеген (36 алтын, 44 күміс пен 77 қола). Бұл 17 федерациясы бар бүкілодақтастықтағы бесінші нәтиже. Әлемнің алты чемпионатына қатысқан қазақ боксшылары қоржындарына екі алтын, екі күміс медаль салған. Олимпиада ойындарында біздің боксшылар ортақ қоржынға бір қола мен үш күміс медаль салған. КСРО бокс тарихындағы мына саңлақтардың есімдері жадымызда мәңгі сақталады. Атап айтқанда, Валерий Рачков – 1978 жылдың әлем чемпионы, Игорь Ружников – 1989 жылдың Еуропа мен әлем чемпионы, Серік Қонақбаев – Еуропаның екі дүркін чемпионы, әлем Кубогі иегері мен 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының финалисті. Осы спортшылар КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері мен тағы басқа жоғары атақтарға ие. 1989 жылғы әлем чемпионатының финалисті Александр Мирошниченко 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиада ойындарында КСРО қоржынына соңғы қола медальді салған болатын.

Өткен ғасырдың 90-жылдарында Кеңес үкіметі құлдыраған болатын. КСРО құрамына енген мемлекеттер тәуелсіздіктерін алып, жаңа саясат пен жаңа боксшыларға бейімделу керек еді. Осылайша 1992 жылы Қазақстан Республикасының әуесқой бокс Федерациясы АИБА-ға мүше ретінде еніп, Азия құрлығындағы әуесқой ассоциациясының толыққанды мүшесіне айналған. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы алғаш рет 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Жарыстың қорытындысы бойынша біздің саңлақтар бір алтын, бір күміс, екі қола медаль еншіледі. Бейресми топтық сынақта біздің команда үшінші орынды еншілеп, Америка мен Куба мемлекеттеріне қарағанда босаңдық танытты. 1996 жылғы ойындарда Василий Жиров бұрын -сонды болмаған нәтиже көрсетіп, Олимпиада чемпионы атанып қана қоймай, құрметті сый - Вал Баркер Кубогін жеңіп алды. Олимпиада ойындарының тарихында бұл сыйлыққа тек 8 спортшы ғана қол жеткізген болатын. 1996 жылғы Олимпиада ойындарында Болат Жұмаділов күміс, Болат Ниязымбетов пен Ермахан Ыбырайымов қола медаль еншілеген.

Төрт жылдан кейін біздің спортшылар Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында бұдан да жақсы көрсеткіштерге ие болған. Қазақ жеріне алтын медальді құрамамыздағы ең жас спортшы Бекзат Саттарханов әкелген. Бекзат сонда 20-да еді. Ермахан ағамыз жүзден жүйрік атанып, жеңіс тұғырынана көрінсе, Б. Жұмаділов Атлантадағы көрсеткішін қайталаған болатын.

Қазіргі таңда Генадий Головкин, Жәнібек Әлімханұлы сынды керемет боксшыларымыз Қазақ елінің көк туын бүкіл әлемге танытып жүр.

Осындай еліміздегі үлкен жетістіктері мен жанкүйерлер жүрегінен ерекше орын алатын спорт түрі арқылы жастарымызды дұрыс тәрбиелеу басты міндеттеріміздің бірі болып табылады.

Турнирдың мақсаты - жасөспірімдердің денсаулығын сақтауға және нығайтуға көзқарасын қалыптастыру, есірткіні алғашқы қолданудың қауіптілігін түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау. Турнир Alik Boxing Team жаттықтыру залында өтті. Бүгінгі күні жасөспірімдер бокс спорт түріне үлкен қызығушылық танытады. Турнир жеңімпаздары алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармер марапатталды.