Түркістандық жас шахматшылар Азия чемпионатында үш жүлдеге ие болды

Түркістандық жас шахматшылар Азия чемпионатында үш жүлдеге ие болды
Шахмат

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістандық жас шахматшылар Әсия Асылхан мен Нұрислам Сұлтанхан кезекті жарыстан жеңіспен оралды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Шахматтан Алматы қаласында өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз жүлделі орынға қол жеткізді. Атап айтқанда, Әсия шахматтың классика түрінен 1-орын, блицтен 2-орын алса, Нұрислам блиц түрінен жүлделі 3-орынды жеңіп алды.


Екі шахматшы да Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» спортшылары екенін айта кетейік.

Алматыда шахматтан өткен XXVI Азия чемпионатына Қытай, Үндістан, Ресей, Иран сынды 33 елден келген 650 спортшы қатысты. Онда 7-18 жас аралығындағы спортшылар шахматтың рапид, блиц, классика түрінен сынға түсті.