«Барыстың» маусымалды дайындық жоспары белгілі болды

«Барыстың» маусымалды дайындық жоспары белгілі болды
Хоккей

sportx.kz

BasSport.kz спорттық порталы «Барыстың» маусымалды дайындық жоспарын назарларыңызға ұсынады. 

«Барыстың» оқу-жаттығу жиындарының басым бөлігі Астанада өтеді. 15 шілдеде екіжақты келісімшарты бар хоккейшілер медициналық тексерістен өтіп, жаттығуларға кіріседі.1 тамызда олардың қатарына біржақты келісімшартқа қол қойған ойыншылар қосылады.

14-18 тамыз күндері «Барыс Аренада» XIII «Қазақстан Республикасы Президенті Кубогы» халықаралық турнирі өтеді. «Барыстан» өзге турнирге хабаровскілік «Амур», тольяттилік «Лада» мен Олимпиадалық іріктеудің финалдық кезеңіне дайындық жүргізу үшін Қазақстан ұлттық құрамасы қатысады.

ҚРПК-2024 матчтарының кестесі кейінірек жарияланады. 20-25 тамыз аралығында Дэвид Немировски шәкірттері Омбыда өтетін «Блинов Кубогы» маусымалды турнирінде бақ сынайды. Командамыз ярославілік «Локомотив», Новосібірдің «Сибирь», челябілік «Трактор» және турнир иелері «Авангард» ұжымдарына қарсы ойнайды.

26 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Астанада «Барыстың» Құрлықтық хоккей лигасы 2024/25 жылдар маусымы алдындағы дайындығының қорытынды кезеңі өтеді.