Сұлтан Заурбектің келесі қарсыласы белгілі болды

Сұлтан Заурбектің келесі қарсыласы белгілі болды
Бокс

21 маусымда Болтонда (Ұлыбритания) қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (17-0-0, 12КО) аргентиналық Роман Рубен Рейносоға (22-4-2,10КО) қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Meta-ratings.kz спорттық порталының мәліметінше, 10 раундтық жекпе-жек екінші жеңіл салмақта өтеді. Отандасымыздың қарсыласы кәсіпқой боксқа 2011 жылы ауысқан. Боксшының жеке рекорды – 22 жеңіс, 4 жеңіліс және 2 тең жекпе-жек.

BoxRec сайтындағы екінші жеңіл салмақтағы әлемдік рейтингіде Рейносо 285-орында, ал, қазақстандық боксшы 28-орында тұр. Бұған дейін Сұлтан Заурбек кәсіпқой бокста еш қарсыласына есе жібермеген, 17 жекпе-жек өткізіп, оның 12-сін рет нокаутпен аяқтаған.