Павлодарлық «Ертіс» футбол клубын жаңа бас бапкер жаттықтырады
Футбол
"Ертіс" ФК
Николай Гавриш «Ертіс» футбол клубының тізгінін ұстады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Аталған маман бұған дейін Бірінші лигада өнер көрсететін «Екібастұз» футбол клубында бапкердің ассистенті қызметін атқарған.
Тағайындау туралы «Ертіс» футбол клубының баспасөз қызметі ресми түрде мәлімдеді.
«Николай Гавриш ресми түрде «Ертістің» бас бапкері болып тағайындалды. Ол – Қарағанды қаласының тумасы. 2024 жылғы маусымды «Екібастұз» футбол командасында бас бапкердің ассистенті болып бастаған», - деп мәлімдеді «Ертіс» клубының баспасөз қызметі.
Н. Гавриш 2021 жылы «Жальгирис» командасына бас бапкердің көмекшісі ретінде шақыртылып, литвалық клуб сапында мансабын жалғастырды. Ол Литва біріншілігінде ел чемпионы атанып, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынады. Сол уақытта «Жальгирис» тарихында тұңғыш рет еурододаның топтық кезеңіне шығып, сәтті өнер көрсетті.
Айта кетейік, Николай былтыр семейлік «Елімай» командасында бас бапкердің ассистенті болды.