Эльжана Таниева Миландағы әлем кубогында бестікке енді

Эльжана Таниева Миландағы әлем кубогында бестікке енді
Гимнастика

NewTimes.kz

Италияның Милан қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогының биылғы маусымдағы ең соңғы кезеңі өтті. Аталған сынға Қазақстан атынан Эльжана Таниева қатысты, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, көпсайыс қорытындысы бойынша Эльжана 12-орын иеленді. Сондай-ақ доп жаттығуы бойынша финалда өнер көрсетіп, 33.65 ұпаймен 5-орынға табан тіреді.

Айта кетейік, Эльжана Таниева Ташкентте өткен Азия чемпионатында топ жарып, Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленген болатын.