"Оған оңай болған жоқ": бас бапкер Мұхаммедсабыр Базарбайұлы туралы пікірін айтты

Бокс

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Таиландтағы іріктеу турниріне қатысты пікірін айтты, деп жазады Bassport.kz. 

Бангкоктегі соңғы іріктеу турнирінде қазақ боксшысы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жолдама жеңіп алды.

«Алға қойған жоспарымыздың бірі – Олимпиадаға толық құрамда бару еді. Сол ойымыз орындалды. Ендігі мақсат – жігіттеріміз рингте барын салып, елге абыроймен оралсақ деген ой. Мұхамедсабырдың жолдама алғанына өте қуаныштымын.

Оған оңай болған жоқ. Екі іріктеу жарысы да жігіттерге қиын соқты. Бангкоктегі турнирден соң да мықты деген боксшылар жолдамасыз қалды.

Бокс бес құрлықта да дамып жатыр. Сондақтан, әрбір кездесу финалдық жекпе-жектен кем емес. Базарбайұлы алты кездесу өткізіп, лицензия алып отыр. Оған тек жарайсың дейміз.

Бізге қолдау көрсетіп жатқан басшыларға алғысымыз шексіз. Қажетті жарыстар мен жиындар уақытылы өтіп жатыр. Елді қуантып, халықтың үмітін ақтау- басты мақсатымыз», - деді бас бапкер.