Тұңғыш рет үш аруымыз Олимпиадада өнер көрсетеді

Тұңғыш рет үш аруымыз Олимпиадада өнер көрсетеді
Бокс

Бокстан Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан Париж Олимпиадасының іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша, бірінші рет 3 бірдей аруымыз жүлдеге таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Назым Кызайбай (50 кг) ширекфиналда Солтүстік Корея спортшысы Хянг Су Кангты 5:0 есебімен жеңіп, Олимпиадаға жолдама иеленді. 

50 кг. Назым Қызайбай

57 кг. Карина Ибрагимова

75 кг. Валентина Хальзова

Бұған дейінгі 3 Олимпиадада әйелдер арасында екеуден көп боксшымыз қатыспаған.