Аянат Жұмағали мен Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Аянат Жұмағали мен Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Басқа

Лимада (Перу) өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар бір күнде үш медаль жеңіп алды, деп жазады Bassport.kz. 

Қазақстан командасының өкілі Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан Лимада (Перу) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Нұрдос 89 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (148+185) келіні еңсерген. 

Қыздар арасында 76 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Аянат Жұмағали әлем чемпионы атанды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 222 келіні бағындырған Аянат қарсыластарынан оқ бойы озып кетті.

Сондай-ақ, қыздар арасында 81 келіде бақ сынаған Сәния Орманбаева жалпы есебі 201 келіні игеріп, қола жүлдегер атанды.