Шардарада футбол және балалар алаңшасы ашылды

Шардарада футбол және балалар алаңшасы ашылды
Басқа

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Шардара ауданындағы Көксу ауылында жергілікті тұрғындар мен жеке кәсіпкерлердің қолдауымен жабық футбол алаңы қолданысқа берілді. Одан бөлек, балаларға арналған ойын алаңшасы ашылды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Іс-шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді 

«Көксу ауылының тұрғындары мен жаны жомарт азаматтардың демеуімен ауыл балаларына арналған жаңа футбол алаңы мен ойын алаңшасы ашылып отыр. Жаңа спорт алаңының ашылуына қомақты үлес қосқан азаматтарға шынайы алғысымды жеткізгім келеді. Бұл нысан ең алдымен жастарымыздың салауатты өмір салтын ұстанып, уақыттарын тиімді өткізуіне себепші болады. Осы алаңнан елімізді әлемге танытатын чемпиондар шыға берсін», - деді Арман Романұлы.

Салтанатты шара соңында игі іске демеушілік танытқан бірқатар азамат пен жас спортшы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.