QJ League жасөспірімдер футбол лигасы халықпен бірге

QJ League жасөспірімдер футбол лигасы халықпен бірге
Футбол

Freedom QJ League екінші маусымының ашылу матчына билеттерді сатудан түскен барлық кіріс су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қорына жіберіледі, деп хабарлайды BasSport.kz.


Ашылу матчы сәуір айының 20-шы жұлдызында Тараз қаласында, сағат 15:00 бастау алмақ. Жергілікті команда өз алаңында елордалықтарды қабылдамақ. Сонымен қатар, Freedom Holding Corp. компаниясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 1 млрд теңге жібермек. Қаражат «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорының шотына аударылады.


«Қазір біздің отандастарымыз, яғни үлкен отбасымыздың бір бөлігі үлкен сынақтан өтіп жатыр, ал біз мұндай жағдайда бей-жай отыра алмаймыз. Біз осындай қиын уақытта қашанда бірге болып, көмекке мұқтаж жандарға қолымыздан келгенше жәрдем көрсетуіміз керек. Отандастарымыз қалыпты өмірге тезірек оралуы үшін біз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бұл қиындықты жұмыла жеңеміз деген сенімдемін», - деді Лиганың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов.