Асу Алмабаев әлемдік рейтингіде үздіктер қатарына енді

Асу Алмабаев әлемдік рейтингіде үздіктер қатарына енді
Жекпе-жек

Meta-ratings.kz

Танымал MMA Fight Matrix статистикасының интернет-порталы қазақстандық Асу Алмабаевты ең жеңіл салмақтағы үздік файтерлер қатарына қосты, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Meta-ratings.kz спорттық порталының мәліметінше, отандасымыз әлемдік рейтингідегі ТОР-15 спортшының тізіміне кірген. 

Fight Matrix бойынша ТОП 15 ең жеңіл салмақ:

1. Александр Пантожа (28-5-0) Бразилия – UFC.

2. Брэндон Ройвел (16-7-0) АҚШ – UFC.

3. Брендон Морено (21-8-2) Мексика – UFC.

4. Амир Альбази (17-1-0) Швеция – UFC.

5. Кай-Кара Франс (24-11-0) Жаңа Зеландия – UFC.

6. Стив Эрцег (12-2-0) Австралия – UFC.

7. Манель Кап (19-6-0) Португалия – UFC.

8. Татцуро Таира (16-0-0) Жапония – UFC.

9. Мухаммад Мокаев (12-0-0) Ұлыбритания – UFC.

10. Хиромаса Огикубо (26-8-2) Жапония – Rizin.

11. Тагир Уланбеков (15-2-0) Ресей – UFC.

12. Азамат Керефов (17-0-0) Ресей – UFC.

13. Джошуа Пачио (22-4-0) Филиппин – One FC

14. Аскар Аскаров (15-1-1) Ресей – АСА

15. Асу Алмабаев (20-2-0) Қазақстан – UFC.

Айта кетейік, 16 маусымда Лас-Вегаста (АҚШ) UFC on ESPN 58 турнирінде Асу Алмабаев америкалық Хосе Джонсонды (16-8) жеңді.