Асу Алмабаев UFC рейтингінде үздіктер қатарына енді

Асу Алмабаев UFC рейтингінде үздіктер қатарына енді
Жекпе-жек

Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (20-2) өте жеңіл салмақ рейтингінде ТОР-15 қатарына енді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Fighth HQ-дің мәліметінше, UFC-де қатарынан үш рет жеңіске жеткен отандасымыз қытайлық Су Мудаержимен бірге 15-орында тұр.

Дивизион рейтингінде америкалық файтер Брендон Ройвал көш бастап тұр. Ал, чемпиондық белбеу бразилиялық Александр Пантожаға тиесілі.