Қазақстандық баскетболшылар сырт алаңда Қатардан басым түсті

Қазақстандық баскетболшылар сырт алаңда Қатардан басым түсті
Баскетбол

Спортты дамыту дирекциясы

Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы Азия кубогының іріктеу кезеңінде түзде Қатар құрамасынан басым түсті, деп хабарлайды Bassport.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, аса тартысты өткен матчтың есебі: 68:73 (12:19, 25:14, 13:15, 18:25).

Ұлттық құрама сапындағы ең нәтижелі ойыншы – Антон Быков (19 ұпай). Бірнеше күн бұрын Евгений Овсянников баптайтын команда Астанада Үндістанды сенімді жеңген.

Бұл жеңістің арқасында Қазақстан Иранмен бірге Е тобында көш бастады.