«Тобылға» косоволық қорғаушы келді

«Тобылға» косоволық қорғаушы келді
Футбол

Қостанайдың «Тобыл» клубына жаңа футболшы келді. 26 жастағы Косово құрамасының футболшысы Давид Домжони маусым соңына дейін келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ол кәсіби карьерасын «Тирана» командасынан бастаған. Кейіннен жергілікті «Кастриоти», «Термалика» және «Лачи» сияқты командалар болды. 2021 жылы Швейцария Суперлигасында ойнайтын «Люцернге» ауысты.

«Тобылға» ауыспас бұрын Түркияның «Менменспор» және «Маниса» командаларында доп тепкен.

2021жылы Домжони Косово құрамасы сапындағы алғашқы ойынын өткізген. Бұл Косово мен Гвинея арасындағы кездесу болатын.

Давид Домжони

Туған жылы: 1997 жылдың 21 мамыры

Бойы: 190 см

Салмағы: 83 келі

Позициясы: қорғаушы

Азаматтығы: Косово.