Латвия хоккей федерациясы "Болашақ ойындары" жарысына қатысқан спортшыларға қатысты шешім шығарды

Латвия хоккей федерациясы
Хоккей

Латвияда "Болашақ ойындары" мультиспорттық жарысына қатысқан хоккейшілердің лицензиялары уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Осындай шешімді Латвия хоккей федерациясы шырған. 

"Кейбір латвиялық хоккейшілердің Ресейде өтіп жатқан "Болашақ ойындарына" қатысуы туралы ақпаратқа сәйкес, Латвия хоккей федерациясы бұл хоккейшілердің лицензияларын тоқтатты", – делінген Латвия хоккей федерациясының мәлімдемесінде.

Қазан қаласында өтіп жатқан "Болашақ ойындары" жарысы наурыздың 3-де аяқталады. Диджитал-хоккей турнирінде Baltic select командасының құрамында Алексей Попов, Эрвин Муштуков, Алисерс Мубаракшинс, Кирилл Тамбиев, Павелс Горошковс, Мартинс Лавровс, Никита Зантманс және Артемс Кувсиновс өнер көрсетеді. Диджитал хоккей турнирі аясында қатысушылар алдымен хоккей тренажерын ойнайды, содан кейін 3-тен 3-ке дейінгі мұз матчын өткізеді