«Сарыарқа» хоккей клубы мемлекет меншігіне қайтарылды

«Сарыарқа» хоккей клубы мемлекет меншігіне қайтарылды
Хоккей

Olympic.kz

Қарағанды прокуратурасы құны 900 миллион теңгені құрайтын «Сарыарқа» хоккей клубын мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр. 

«Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында заңсыз алынған және жекешелендірілген барлық мемлекеттік мүлікке қатысты прокурорлық қадағалау және ден қою шаралары қабылданатын болады», - деп жазды бақылаушы органнан.