Қысқы Олимпиадаға іріктеу: хоккейден Қазақстан құрамасының жарыс кестесі жарияланды

Қысқы Олимпиадаға іріктеу: хоккейден Қазақстан құрамасының жарыс кестесі жарияланды
Хоккей

Olympic.kz

29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Словакияның Братислава қаласында шайбалы хоккейден 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, финалдық іріктеу кезеңі аясында шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Австрия, Венгрия және Словакия құрамаларымен кездеседі. 

Жарыс кестесі төмендегідей:

29 тамыз, 17:00 Қазақстан - Венгрия

30 тамыз, 17:00 Қазақстан - Австрия

1 қыркүйек, 21:00 Словакия - Қазақстан