«Барыстың» үздік бомбардирі швейцариялық клуб сапын толықтырды

«Барыстың» үздік бомбардирі швейцариялық клуб сапын толықтырды
Хоккей

Барыс ХК

Швейцариялық «Лейкерс Рапперсвиль-Йона» хоккей клубы швед шабуылшысы Понтус Обергті қатарына қосты, деп хабарлайды BasSport.kz елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

30 жастағы хоккейші өткен маусымда «Барыс» командасында 37 ұпай (17+20) жинап, үздік шабуылшы болған еді.