WTA 1000: Рыбакина финалда жеңіліп қалды
Теннис
WTA 1000 санатына жататын Qatar TotalEnergies Open турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Финалда еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен польшалық Ига Швентек кездесті.
Өкінішке қарай, екі сет қорытындысы бойынша жерлесіміз қарсыласына жол берді – 7:6, 6:2. Матч екі сағат 15 минутқа созылды.
Бұл Рыбакинаның карьерасындағы төртінші «мыңдық» финал.