АҚШ-та тұлпарға Елена Рыбакинаның есімі берілді
Теннис
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакинаның есімі АҚШ-та жүйрік тұлпарға берілді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Тұлпар жарысқа 2023 жылдан бастап қатысып келеді екен. Үш жасар жылқы бүгінге дейін екі жарыста жүлделі орынға ие болған және 7 340 доллар табыс тауып үлгерген.
Айта кетейік, бұған дейін де асыл тұқымды жүйрік атқа Қазақстанның атақты спортшыларының есімі берілген. 2020 жылы сәйгүлікке атақты боксшы Геннадий Головкиннің есімі берілген болатын.