"Әкесі - неміс, анасы қазақ": Германия намысын қорғаған Соня Жиенбаева Қазақстан азаматтығын алды

Теннис

17 жастағы неміс спортшысы Соня Жиенбаева Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы "Рыбакинаның ракеткасы" Telegram арнасы хабарлады.

Соня Жиенбаева 2006 жылы 2 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Соняның анасы – қазақ, әкесі – неміс ұлтынан.

Бала кезінде Соня отбасымен Германияға көшкен. 2022 жылдың қорытындысымен Соня жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде үздік 30 теннисшінің қатарына кірді.

Спорттық жолында ол алты рет ITF Juniors жарысының чемпионы атанды. Қазақстанды Жиенбаева ұмытқан емес. Өйткені оның Алматыда туыстары көп. Ол әрқашан Қазақстан азаматы атанып, тарихи Отанының намысын қорғауды армандап келді