Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне өтті

Теннис
ҰОК
Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сілтеме жасап.
D тобындағы соңғы матчта Юрий Щукиннің шәкірттері Колумбия құрамасынан 2:0 есебімен басым түсті. Алғашқы кездесуде Юлия Путинцева Валентина Ариасты 6:0, 6:1 есебімен ұтса, екінші ойында Елена Рыбакина Хулиана Лисаразоны 6:1, 6:2 есебімен жеңді.
Турнирдің финалдық кезеңі 16-21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.