Джон Терри Месси мен Роналду деңгейінде ойнайтын ойыншыны атады

Джон Терри Месси мен Роналду деңгейінде ойнайтын ойыншыны атады
Футбол

Әлеуметтік желі

Ағылшын футболының аңызы, «Челсидің» бұрынғы капитаны Джон Терри бельгиялық жартылай қорғаушы Эден Азардың лондондық клубтағы жылдарын еске алып, оның деңгейін Лионель Месси мен Криштиану Роналдумен салыстырды. Бұл туралы Bassport.kz Championat.com және Give Me Sport-қа сілтеме жасап хабарлайды.  

— Азар — «Челсидегі» ең дарынды ойыншы болды. Ол алаңда нағыз сиқыршы секілді ойнайтын. Өз дәуірінде Эден Месси мен Роналдудың деңгейінде өнер көрсетті, — деді Терри.

Эден Азар кәсіби мансабын 2023 жылы, 32 жасында аяқтады. Ол «Руаяль Стад Бренуа», «Тюбиз», «Лилль», «Челси» және «Реал Мадрид» секілді клубтардың жейдесін киген. Азардың ең жарқын кезеңі Лондондағы «Челси» клубында өтті. Ол бұл команда сапында 352 матчқа қатысып, екі рет Англия Премьер-лигасын, екі мәрте Еуропа лигасын, сондай-ақ Англия Кубогы мен Лига Кубогын жеңіп алды.