Қазақстан әлем чемпионатына шығар жолын ірі жеңіспен бастады

Қазақстан әлем чемпионатына шығар жолын ірі жеңіспен бастады
Теннис

sports.kz

Брисбен қаласында Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін Австралияға қарсы өткізді деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

Алғаш болып кортқа қазақстандық Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 23-орында) мен австралиялық Майя Джойнт (78-орын) шықты. Путинцева матчты сенімді түрде аяқтап, қарсыласын екі сетте — 6:2, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы есепте алға шықты. Екінші матчта еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (10-орын) мен Кимберли Биррелл (61-орын) кортқа шығатын болады.

Айта кетейік, Қазақстан мен Австралиямен бірге бұл топта Колумбия құрамасы да бақ сынайды. Үш команда Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне берілетін жалғыз жолдама үшін күреседі.