Александр Бублик US Open жарысын ерте аяқтады

Александр Бублик US Open жарысын ерте аяқтады
Теннис

Ерлер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик US Open турниріндегі жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Отандасымыз алғашқы айналымда 2020 жылғы US Open жеңімпазы Доминик Тиммен кездесіп, 6:3, 6:2, 6:4 есебімен жеңілді. 

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған ойында Александр Бублик алты эйс жасап, 17 қосарланған қателікке жол берді, 4 брейк-понйттың екеуін сәтті жүзеге асырды.