US Open: Александр Бубликтің алғашқы қарсыласы анықталды
Теннис
ATP
Ерлер арасындағы Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Александр Бубликтің АҚШ Ашық чемпионатындағы алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Отандасымыз беделді бәсекенің алғашқы айналымында 2020 жылғы US Open турнирінің жеңімпазы австриялық Доминик Тиммен сынға түседі.
Теннистен 2023 жылғы АҚШ ашық чемпионаты 28 тамыз күні Нью-Йоркте басталып, 10 қыркүйек күні аяқталады.