Рыбакинаның Цинциннатидегі алғашқы қарсыласы анықталды

Рыбакинаның Цинциннатидегі алғашқы қарсыласы анықталды
Теннис

2017 жылғы Ролан Гаррос жеңімпазы, латвиялық Елена Остапенко Цинциннатидегі WTA 1000 жарысының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Әлемнің 20-ракеткасы бірінші кезеңде чехиялық Каролина Плишкованы 1:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңді. 

Осылайша, турнирдің екінші айналымында Елена Остапенко әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакинамен шеберлік байқасады.