Азия Кубогы: баскетболшы аруларымыздың қарсыластары кімдер

Азия Кубогы: баскетболшы аруларымыздың қарсыластары кімдер
Баскетбол

Баскетболдан Қазақстан әйелдер құрамасының Азия Кубогындағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бангкокта өтетін Азия Кубогына қатысушы 8 команда екі топқа бөлінген. Жеребе қорытындысында Қазақстан ұлттық құрамасы Иордания, Шри-Ланка мен Таиланд командаларымен бірге В тобында өнер көрсететін болды. Ал А тобында Индонезия, Малайзия, Иран мен Моңғолия командалары бақ сынайды.