«Бешикташ» Зайнутдиновке қызығушылық танытып отырған жоқ - клуб президенті

«Бешикташ» Зайнутдиновке қызығушылық танытып отырған жоқ - клуб президенті
Футбол

Чемпионат.ком

Түркияның «Бешикташ» клубының президенті Ахмет Нур Чеби оның клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиёр Зайнутдиновке қызығушылық танытып отырмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Бешикташ» Зайнутдиновке қызығушылық танытып отыр дейсіз бе? Жоқ, олай емес, — деді Чеби «Чемпионат» тілшісіне берген сұхбатында.

Бұған дейін Түркияның Fotospor басылымы Зайнутдинов «Бешикташтың» әлеуетті тізіміне енгенін жазған. Тіпті одан бас бапкер Шенол Гюнеш те хабардар екенін айтқан. 

Қазір 25 жастағы Зайнутдинов мәскеулік ЦСКА сапында ойнайды.