Қамшыбек Қоңқабаев неге өзбек боксшысымен рингке шықпады?

Қамшыбек Қоңқабаев неге өзбек боксшысымен рингке шықпады?
Бокс

Кеше Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа» кубогында үш қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыластарынан өте алмады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Оның ішінде екеуі шаршы алаңға шығып жеңілсе, біреуі тіптен өз еркімен бас тартқан. Әңгіме аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев туралы болып отыр. Әзірге ҚР бокс федерациясы да, спортшының өзі себебін ашығын айтпады

. Бастысы, Қоңқабаев Токио Олимпиадасының чемпионы Баходир Жалоловқа жекпе-жексіз берілді. Мұның алдында ол алғашқы кезеңде Нидерландыдан келген Стэн Бертенсті 20 секундта нокаутқа жіберген.Шаршаған да, жарақат та алған жоқ. Баходирмен кездеспей қалуға себеп жоқ еді. Түсініксіз.

Сөйтіп, өзбек боксшысы автоматты түрде жартылай финалға жолдама алды.

Жалпы Қоңқабаев пен Жалолов соңғы рет 2021 жылдың мамырында кездескен. Бұл Дубайдағы Азия чемпионатының финалы болатын. Жекпе-жекте Баходир жеңіске жетті. Ең алғаш екеуі 2015 жылы жолыққан. Бірақ екі алыптың арасында нағыз бәсеке 2017 жылдан басталды. Өйткені сол кезде ғана олар өз елдерінің бірінші нөмірлі боксшысы атанды. Қамшыбек бірнеше жыл Иван Дычко көлеңкесінде жүрген еді.

2017 жылдан бері Жалолов 4 рет жеңген. Атап айтсақ, 2017, 2019, 2021 жылдары Азия чемпионатында, 2019 жылы әлем чемпионатының финалында басым түскен. Қоңқабаевтың екі рет өз үстемдігін жүргізген. Бұл 2017 жылғы әлем чемпионаты мен Талдықорғандағы турнир.

31 жастағы қазақ боксшысының шаршы алаңға шықпай берілуі көп жанкүйерге ұнамай жатқаны анық. Сондықтан бапкері мен боксшының өзі бұл жағдайды түсіндіріп береді деп үміттенеміз.