"Астана" баскетбол клубы үшін биылғы маусым қалай өтті

Баскетбол

Қазақстандық «Астана» баскетбол клубы есте қаларлық камбэктер мен сенсациялар болған маусымды аяқтады, ал біз астаналық команда өнерінің ең маңызды сәттерін талдауды ұсынамыз. Неліктен? Себебі – келесіде. Алғашқы ойында қазақстандық баскетболшылар ВТБ Бірыңғай лигасы фавориттерінің бірін жеңіп кете жаздады, ал одан кейін плей-офф үшін лайықты күрес жүргізді. Барлығын рет-ретімен айтайық.

«Астана» - фавориттер қорқынышы?

Елордалық команда баскетболшылары маусымның басында-ақ өздерін жақсы көрсете алды. Тұрақты чемпионаттың алғашқы матчында қазақстандықтар өз алаңында Санкт-Петербургтің «Зенитін» қабылдады және екі ширек бойы болашақ қола жүлдегерлермен тең дәрежеде ойнады (69:78). Иә, ойында қателіктер болды, дегенмен «Астана» маусымды сәтті өткізетінінен сол ойында хабар берген.

«Бүгін біркелкі ойын өрнегін көрсетпедік, - деп кездесуді қорытындылаған еді шәкірттерінің ойынынан қателік байқаған «Астана» бас бапкері Олег Киселев. Бірінші ширекте нашар ойнадық, бұны маусымдағы бірінші ойынның қобалжуы дейік. Одан кейін ойынға қайта оралдық. Үшінші ширекті өте нашар бастадық, бірақ ойлағанымызды орындағанда, қайтадан күрес жүргізе бастадық. Ойын соңында жылдам шабуылды жүзеге асыра алмай, артынша қарсылас өзімізге үшұпайлық соққы жасады. Матчтағы осы екі сәт қорытынды нәтижеге әсер еткен болуы керек».

Осыдан кейін команда қорытынды шығарып, қазақстандықтар өз алаңында жеңіліс таппайтын командаға айналды. «Астана» кезекпен Саратовтың «Автодор» (75:62), краснодарлық «Локомотив-Кубань» (78:68), Екатеринбургтің «Уралмаш» (80:72), белорусиялық «Минск» (78:74) және «Самара» (83:66) командаларын жеңіп, өз алаңында жеңістер сериясын көрсетті.

Қорытынды. Егер «Астана» өз алаңында тағы бірнеше жеңіске қол жеткізгенде, осы көрсеткіш бойынша лигадағы үздік бес нәтиженің бірін көрсеткен болар еді.

Астаналық жігіттер – нағыз тыныштықты бұзушылар

Сәтті басталған маусым елордалық клубтың плей-офф үшін күрес жүргізуге қауқары бар екендігін көрсетті. Әсіресе, қазақстандық спортшылар өз алаңындағы 13 матчтың жетеуінде жеңіске жетіп, тұрақты ойын өрнегін көрсетті. Бұл нәтиже Лигадағы үздік нәтиже емес, өйткені краснодарлық «Локомотив-Кубань» 13 ойынның тек біреуінде жеңіліс тапқан.

Дегенмен, «Астана» нәтижесі турнир көшбасшыларынан қалыспайды. Егер «Астана» сырт алаңда да осындай ойын өрнегін көрсеткенде, тұрақты маусым қорытындысында үздік алтылық қатарына енер еді. Алайда мұның да бір жақсы тұсы бар. Қазақстандық баскетболшылар сырт алаңдағы 13 ойынның тек үшеуінде жеңіске жетті, атап айтса, «Нижний Новгород» (78:73), «Минск» (89:84) пен «Самараны» (78:66) жеңді.

Бірақ, кейбір мықты қарсыластар ойын тағдырын кездесу аяқталар тұста ғана шешті. Тек мәскеулік ЦСКА мен қазандық «УНИКС» қана «Астананы» айқын басымдықпен жеңе алды, ал өзге қарсыластардың барлығы сыртта да, өз алаңында да бар күшін салып ойнау арқылы ғана табысқа жете алды.

Плей-офф қатысушыларымен болған бірнеше ойынды талдап көрейік. Үш ширектен кейін «Астана» Перьмнің «Парма» (тұрақты чемпионатта 6-орын) командасын жеңіп жатқан, алайда астаналық клуб қарсыластың есепті теңестіруіне жол беріп, овертаймда ғана жеңіліс тапты (76:86 ОТ). Дәл осыған ұқсас жағдаймен красноярскілік «Енисей» де бетпе-бет келді (5-орын): ресейлік клуб ойында жеңіліс табуға жақын тұрған, алайда жинақталып, соңғы ширекте таразы басын өз жағына бұрып, жігер танытып, жеңіске жетті (92:96).

Тағы бір кездесуде «Астана» Краснодарда жанкүйерлердің жүйкесін жұқартатындай ойын көрсетті. Қазақстандықтар екі ширек бойы «Локомотивпен» тең дәрежеде өнер көрсетті, ал үлкен үзіліске алаң иелері қарсыласына екі ұпай айырмашылығымен есе жіберіп, аттанды (45:43). Тек үшінші он минуттықта ғана ресейлік клуб өз ойынын тауып, қиын матчта жеңіске жетті (83:93).

Қорытынды. Егер «Астана» турнирдің топ-клубтарымен ойындардағы жеңісті уысынан шығарып алмағанда, турнирлік кестеде Ресейдің үздік командаларын басып озып, сенсация жасап, плей-оффқа өте алар еді.

«Астана» үш ойыншысы – Бірыңғай лига үздіктерінің тізімінде

Елордалық команда есте қаларлықтай маусым өткізді, ал оның үш көшбасшы баскетболшысы ең нәтижелі ойыншылар қатарында. Бұл сайыста «Енисейдің» ойыншысы Ксэвьер Ратэн-Мэйс жеңіске жетсе (25.4 ұпай), астаналық трио топ-10 тізіміне енді.

Әр ойында орта есеппен 16.6 ұпай олжалаған Ройс Хэмм 7-орынға тұрақтады, оның соңынан «Астананың» тағы бір үздігі Маркелл Джонсон жайғасты (16.5 ұпай). Астаналық команданың қорғаушысы Карвел Андерсон турнирді 10-орында аяқтады (16.1 ұпай).

Үздік ассистенттер бәсекесінде Джонсон (әр ойында 7.2 пас) тек «Зенит» ойыншысы Эртель Томасқа жол беріп (7.7), екінші орынға тұрақтады. Ал допты алуда ерекше көзге түскен ойыншыларды алар болсақ, шабуылшы Хэммге тек келер ешкім болған жоқ: америкалық легионер әр ойында 8.4 рет допты алып отырған.

Джонсон тағы бір сайыста – допты тартып алуда үздік шықты. Америкалық ойыншы орта есеппен әр ойында 2.2 рет допты тартып алып, қарсыластарын шаң қаптырып кеткен. Осылайша, егер «Астана» жетекші ойыншыларының жеке жетістіктерін матчтардағы жеңіске айналдырса, команданың қорытынды нәтиже жақсы болар еді. Жалпы, қазақстандық клуб «Саратовпен» 10-11-орындарды бөлісіп, плей-оффтан тыс қалды.

Жаңа маусым – жаңа жеңістер?

Астаналық клуб құрамды жаңарту жұмысын бастап кетті: Кисилев маусым барысында орнын Фотиос Такианосқа берді, ал «Астана» ойыны жаңа шабуылшы аймағында құрылады. Командаға америкалық Шакур Джустон қосылып, өзін көрсетіп үлгерді.

Жаңа ойыншы команда сапындағы дебютін Батыс Азия Суперлигасында жасаса, оның ең үздік ойынын топтық кезеңдегі екінші матч болды. «Астана» баскетболшылары «Әл-Манама» (Бахрейн) командасымен бірге алаңда нағыз шоу ұйымдастырды.

Екі қарсылас негізгі уақытта жеңімпаз анықтай алған жоқ, ал овертаймда аздаған басымдыққа ие болған «Астана» жеңісті жұлып аллы (122:117). Ойында 42 ұпай олжалап, статистикасына 7 рет допты алу мен 11 пасты жазған Маркелл Джонсон үздік атанды.

Джустонға келер болсақ, ол ливандық «Сагесси» командасымен ойында жасындай жарқырады (89:103). Америкалық ойыншы 25 ұпай еншілеп, 16 рет допты алды.

Тағы бір қорытынды. Астаналық команда жаңа маусымда бұдан да мықтырақ бола түседі деген сенім мол. Ал жаңа маңызды трансферлерді есепке алғанда, «Астана» тек мықты команда емес, плей-офф немесе кез келген турнирдің жүлдесінен үмітті ұжым болады.