Мессидің жаңа клубы әлеуметтік желіде ең танымал клубтың біріне айналды
Футбол
Sports.ru
Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» футбол командасына ауысқаны туралы ақпарат тарағалы клубтың Instagram парақшасында жазылушылар саны 8 миллион адамнан асып кетті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Клуб АҚШ-тағы спорт клубтарының арасында үздік бестікке еніп, тек ҰБҚ-ның үздік командаларына жол беріп тұр.
Лионель Месси MLS (АҚШ-тың кәсіби футбол лигасы) командасында ойнайтын «Интер Майамиге» ауыспас бұрын команданың Instagram-ында миллионға жуық жазылушы болды.
Ал аргентиналық шабуылшының ауысуы туралы хабар шыққаннан кейін бірнеше сағат ішінде шамамен 1,3 миллион адам қосылды.