Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Төрт құрлық чемпионатындағы жарыс жолын бастады
Қысқы спорт
Бойсангур Датиев және Гаухар Наурызова / Getty Images
Қытай астанасы Бейжіңде мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде әйелдер қысқа бағдарламада, ал мұздағы би сайысында жұптар ырғақты бибе сынға түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Мұздағы би жарысында Қазақстан намысын Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова қорғап жатыр.
Ырғақты бидің қорытындысы бойынша отандастарымыж 52,39 ұпай жинап, аралық есепте 12-орынға тұрақтады. АҚШ спортшылары Эмилия Зингас пен Вадим Колесник 79,97 ұпаймен көш бастап тұр.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 23 қаңтарда өтеді.