Төрт құрлық чемпионаты: Софья Самоделкина қысқа бағдарламада тоғызыншы орын алды

Төрт құрлық чемпионаты: Софья Самоделкина қысқа бағдарламада тоғызыншы орын алды
Қысқы спорт

Софья Самоделкина / Сурет: Olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстаг құрамасының мүшесі Софья Самоделкина Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Өз өнері үшін отандасымыө төрешілерден 62,29 ұпай алып, аралық есепте тоғызыншы орынға тұрақтады. 

Қазақстандық Амира Ирматова 42,40 ұпаймен 21-орында келеді. 

Қысқа бағдарламада жапониялық Ами Накаи 73,83 ұпаймен бірінші орынға шықты. 71,41 ұпайға ие болған тағы бір жапониялық спортшы Юна Аоки екінші орынға жайғасты. Ал Моне Чиба (Жапония) 68,09 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. 

Еркін бағдарлама 25 қаңтарда өтеді.