"Қайрат" - "Брюгге": командалардың бастапқы құрамы белгілі
Футбол
Сурет: "Қайрат" ФК
Алматылық "Қайрат" УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңінің жетінші туры аясында бельгиялық "Брюггені" қабылдайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
"Астана Арена" стадионында өтетін матчқа арналған екі команданың бастапқы құрамдары жарияланды:
"Қайрат": Анарбеков, Тапалов, Сорокин, Мартынович (С), Мата, Қасаболат, Глазер, Мрынский, Жоржиньо, Громыко, Эдмилсон.
"Брюгге": Якерс, Сейс, Мехелев, Ордонез, Саббе, Станкович, Ветлесен, Форбс, Верман, Диакон, Ванакен.
Матч Астана уақытымен сағат 20:30-да басталады.