Роналду мансабындағы 960-голын соқты

Роналду мансабындағы 960-голын соқты
Футбол

Криштиану Роналду / Сурет: Vietnam.vn

“Әл-Наср” футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду “Дамакқа” қарсы ойында гол соқты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл - португалиялық футболшының кәсіби мансабындағы 960-голы. 40 жастағы футболшы Сауд Арабиясы чемпионатының 17-туры ойынының 50-минутында көзге түсті. 

Роналду 818 голды клубтар сапындағы ойындарында, тағы 142-сін ұлттық құрама жейдесінде соққан.